Басты жаңалықСаясат

Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Комиссия Конституцияның барлық бөлімі бойынша түзетулерді қарады

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын жариялады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Конституция жобасында талқылауды қажет ететін тұжырымдар кездеседі – Нұрлан Көптілеуов

2025 жылғы 8 қазанда парламенттік реформаны іске асыру жөніндегі жұмыс тобы құрылған. Азаматтар ұсыныстарын e-Otinish және eGov порталдары арқылы жолдаған. Жұмыс тобы екі мыңнан астам ұсынысты қараған.

2026 жылғы 21 қаңтарда Конституциялық комиссия құрылды. Құрамында 130 адам бар. Комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимова. Төраға орынбасарлары – Ерлан Қарин және Аида Балаева.

Комиссия Конституцияның барлық бөлімі бойынша түзетулерді қарады. Өзгерістер 77 бапқа қатысты.

Жобаға енгізілген негізгі өзгерістер:
•    145 депутаттан тұратын бір палаталы Парламент – Құрылтай құру ұсынылады. Депутаттар пропорционалды жүйе бойынша 5 жылға сайланады.
•    Қазақстанның Халық кеңесін құру ұсынылған.
•    Вице-президент лауазымын енгізу көзделген.
•    Адвокатура туралы жеке конституциялық норма енгізіледі.
•    Зияткерлік меншік құқығын қорғау бекітіледі.
•    Кінәсіздік презумпциясы және қайта жауапқа тартуға тыйым салу нормалары күшейтіледі.
•    «Миранда ережесін» енгізу қарастырылған.
•    Азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норма енгізіледі.
•    Неке ер адам мен әйелдің одағы ретінде айқындалады.
•    Білім беру жүйесінің зайырлы сипаты бекітіледі.

Жаңа редакцияда Конституция Преамбуладан, 11 бөлімнен және 95 баптан тұруы ұсынылған.

Ұсыныстар қабылдау e-Otinish және eGov порталдарында жалғасып жатыр. Жаңа Конституция бойынша шешім жалпыұлттық референдумда қабылданады.

Фото: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button