Басты жаңалықСаясат
Қазақстанға Сербия Президенті ресми сапармен келе жатыр
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді

Астанаға 26-27 ақпан күндері Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Сербия Президенті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келмек.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары қазақ-серб қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды. Саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударылады, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, оны Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырған болатын.
Фото: Ақорда



