Басты жаңалықЖаңалықтар

Ақмола облысында сұмдық оқиға: Полиция пікір білдірді

Оқиға туралы әлеуметтік желілерде әртүрлі жорамалдар мен шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таралуда

Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Жібек жолы ауылында жергілікті тұрғын өз отбасының төрт мүшесін қатыгездікпен өлтіріп тастаған болатын. Марқұмдардың арасында өзінің әке-шешесі, ағасы және жиені болған еді. Жантүршігерлік оқиғаға қатысты Ақмола облыстық Полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Ақмола облысында сұмдық оқиға: Ер адам отбасы мүшелерін қырып салды

Жібек Жолы ауылында кісі өлтіру фактісіне байланысты мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде әртүрлі жорамалдар мен шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таралуда. Полиция қызметкерлері күдіктіні «ізін суытпай» қолға түсіріп, Уақытша ұстау изоляторына қамады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында, – деп жазылған Ақмола облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Фото: Tengrinews.kz/Маржан Қуандықова

Басқа жаңалықтар

Back to top button