«Бұрын істі болған»: Ақмола облысында отбасын қырып салған күдіктіге қатысты тың мәлімет шықты
Бірақ бұрын нақты қандай қылмысы үшін жауапқа тартылғаны ашып айтылмады

Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылында болған тұтас отбасының өліміне қатысты күдіктінің бұрын сотты болғаны анықталды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Ақмола облысында сұмдық оқиға: Полиция пікір білдірді
Ақмола облысында сұмдық оқиға: Ер адам отбасы мүшелерін қырып салды
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов аталған қылмыс бойынша тергеу амалдары туралы ресми мәлімет берді.
Қазіргі уақытта құзырлы органдар кісі өлтіру бабы негізінде қылмыстық іс қозғап, оқиғаны аса ауыр қылмыстар санатына жатқызған.
Министр орынбасары Санжар Әділов күдіктінің ұсталғанын растап, бүгінде тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты.
Күдікті ұсталды. Соттың санкциясымен ол күзетпен ұстауға алынып, екі айға қамауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қосымша тергеу шаралары оқиға орнында да өтіп жатыр, онда жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде, — деп мәлімдеді ол.
Ішкі істер министрлігі күдіктінің бұған дейін нақты қандай заң бұзушылық үшін жауапқа тартылғанын ашып айтпады. Сонымен қатар ведомство өкілі қайтыс болғандардың бірнеше адам екенін және олардың жеке басы толық анықталғанын растап отыр. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмысын жалғастыруда.
Фото: ашық дереккөз



