«Иран жақын көрші әрі сенімді серіктесіміз»: Қазақстан қайғылы оқиғаларға байланысты көңіл айтты
Президент халықаралық дауларды тек саяси және дипломатиялық жолмен шешуді қолдайды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Иранның Қазақстандағы елшілігіне барып, трагедиядан зардап шеккен Иран халқы мен олардың туыстарына Қазақстан атынан көңіл айтып, қолдау білдірді, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Тоқаев елдегі маңызды нысандардың қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды
«Бізде басқа таңдау жоқ»: Иран президенті көрші елдерге үндеу жасады
Әли Хаменеидің ұлы Иранның Жоғарғы жетекшісі болып сайланды
Иранның Төтенше және Өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесуде Қазақстан тарапы оқиғаға ерекше алаңдаушылық білдірген жеткізді.
Қайғылы оқиға салдарынан Иранның Жоғарғы рухани көшбасшысы аятолла Сейед Әли Хаменеи, ел басшылығының өкілдері және бейбіт тұрғындар, оның ішінде балалар қаза тапқан.
Мәулен Әшімбаев Қазақстан Президентінің халықаралық дауларды тек саяси және дипломатиялық жолмен шешуді қолдайтынын, халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ Құрылтайын қатаң сақтауды басты ұстаным деп санайтынын атап өтті.
Сенат төрағасы Иранның Қазақстанның жақын көршісі әрі сенімді серіктесі екенін жеткізіп, еліміздің жанжалды бейбіт жолмен шешуге өз үлесін қосуға дайын екенін растады.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Президенті Тоқаев Бахрейн Королімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылағанын жазған едік.
Фото: Сенат



