Мәдениет

Майра Ілиясова күйеуіне тоқал алып бергенін айтты (ВИДЕО)

Әнші сұхбатында жолдасы Бақытжанмен студенттік шақта танысқанын жеткізді

Танымал әнші, продюсер Майра Ілиясова «Өнер өрнегі» бағдарламасында берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сауалдарға жауап беріп, күйеуіне тоқал алып бергенін айтты, деп хабарлайды NewsMedia.

Әнші сұхбатында жолдасы Бақытжанмен студенттік шақта танысқанын жеткізді.

Жолдасым Бақытжан түсінігі мол, кең жүректі жан еді. Менің шығармашылығыма әрдайым қолдау білдіріп, түсіністікпен қарайтын. Таңғы 5-те келсем де, ешқашан ауыр сөз айтқан емес. Бір күні 40 күнге іс-сапарға кеттім қызымды күйеуімме тастап. 40 күннің ішінде күйеуім жүдеп кеткен. Сондай мықты ер азаматты қор қылып жүрмін деп ойладым. Тамағын да уақытылы ішпейді. Үйде күтіп отыратын әйелі болу керек еркектің. 2 жыл ойланып, осындай шешімге келдік, – дейді әнші.

Сондай-ақ Майра Ілиясова өнерден кете алмағанын айтты.

Мен өнерді тастап кете алмадым. Өмір солай өрбіді. Оған өзіне лайықты жан табуы керектігін айттым. Қазір де араласамыз. Оның отбасы, ұлы бар. Бәрі жақсы, – деді ол.

Фото: видеодан скриншот

Басқа жаңалықтар

Back to top button