Жаңалықтар

Көкшетауда көпқабатты үйлердің алды тағы да көлге айналды

Мұндай жағдай қалада жыл сайын қайталанады

Көкшетау қаласында коммуналдық мәселелер тағы да тұрғындардың ашуын туғызды. Абылай хан даңғылы, 24 үйдің маңында еріген қар суы жиналып, көпқабатты үйдің айналасы түгел көлге айналған, деп хабарлайды NewsMedia.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғындардың айтуынша, су бірнеше күннен бері тартылмай тұр. Жаяу жүру мүмкін емес, ал көліктер батпақ пен суға батып, ауладан шығу қиындаған. Әсіресе, балалар мен қарттарға қозғалу қиын болып қалған.

Мұндай жағдай Көкшетауда жыл сайын қайталанады. Соған қарамастан, қала әкімдігі көктемгі су тасқынына дайындықты әлі күнге дейін дұрыс ұйымдастыра алмай келеді деген сын айтылып жатыр. Қарапайым арық жүйесі мен су бұру мәселесі шешілмей, тұрғындар тағы да қиындық көріп отыр.

Жергілікті халық жауаптылардан нақты шара қабылдауды талап етеді. Өйткені әр көктем сайын қайталанатын бұл мәселе уақытша емес, жүйелі проблемаға айналған.

Фото: видеодан скрин

Басқа жаңалықтар

Back to top button