ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев өзіне арандату болғанын айтты
Журналистің басы жарылып, маңдай сүйегі сынған

Адвокат Рена Керимова ҚазТАГ басшысы Әсет Матаевқа арандату болғанын, оның басы жарылып, маңдай сүйегі сынғанын айтты, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Алматыда ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаев ұсталды
Рена Керимова Әсет Матаевпен сөйлескенін, ол өзінің «бұзақылық» бабымен ұсталғанын жеткізгенін мәлімдеді. Адвокаттың айтуынша, Әсет Матаев өзіне оқиға болған күні белгісіз адамдар арандату жасағанын айтқан.
Оның сөзінше, өткен түні досымен бірге Достық даңғылындағы бардан шығып, таксиге бет алған сәтте белгісіз ер адамдармен жанжал туындаған. Қысқа ғана кикілжіңнен кейін, шамамен 5–6 адамнан тұратын топ (арасында қыздар да болған) Әсет пен оның досы Уәлиханға шабуыл жасап, оларды соққыға жыққан, – дейді Рена Керимова.
Адвокаттың сөзіне қарағанда, төбелес кезінде Әсет Матаев ауыр соққылар алған. Салдарынан басы жарылып, маңдай сүйегі сынған.
Қазіргі Әсет сот-медициналық сараптамадан өтті. Сараптама нәтижесінде оның денсаулығына елеулі зиян келгені анықталды: бас сүйегі жарақаттанып, ашық жарақат алған, маңдай қуысының алдыңғы және төменгі жағы сынған, гемосинус және сол жақ маңдай тұсында соғылу салдарынан жарақат тіркелген, – деді ол.
Фото: ашық дереккөз



