Әлем

Куба Президенті Трампқа қатаң жауап қатты

Диас-Канельдің сөзінше, мұндай ұстаным тек саяси қысыммен шектелмейді

Куба басшысы Мигель Диас-Канель АҚШ тарапынан айтылған мәлімдемелерге жауап беріп, елдің ішкі ісіне араласуға жол бермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Иран Украинаға ескерту жасады: Киев не деп жауап берді

Трамп Иранға қарсы әскери операция қандай жағдайда аяқталуы мүмкін екенін айтты

Президенттің айтуынша, Вашингтон Кубаға жүйелі түрде қысым көрсетіп, тіпті елдегі конституциялық құрылымды өзгертуге бағытталған ниетін ашық білдіріп отыр. АҚШ бұл әрекеттерін Кубаның әлсіреген экономикасымен байланыстырып түсіндіруге тырысуда.

Диас-Канельдің сөзінше, мұндай ұстаным тек саяси қысыммен шектелмейді. Ол АҚШ-тың Кубаның ресурстары мен меншігін бақылауға алуды көздейтін жоспарлары бар екенін де атап өтті.

Олар біздің елді ғана емес, оның ресурстары мен экономикасын толық бақылауға алуды мақсат етіп отыр, – деді Куба Президенті.

Сондай-ақ ол сыртқы қысымның күшеюі экономикалық текетіреске ұласуы мүмкін екенін ескертті.

Президент қандай жағдай болмасын, Куба кез келген сыртқы ықпалға қарсы тұратынын жеткізді.

Фото: РИА Новости

Басқа жаңалықтар

Back to top button