Әлем

Түркияда «Ғаламат ғасыр» сериалының жұлдызы ұсталды

Арас Булут Ийнемли – түркиялық танымал актер

Түркияда есірткінің заңсыз айналымына қатысты тергеу аясында актер Арас Булут Ийнемли ұсталды. Ол қазақстандық көрерменге «Ғаламат ғасыр» және «Шұңқыр» сериалдарындағы рөлдерімен таныс, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

TGRT Haber мәліметінше, іс бойынша барлығы 15 адам ұсталған. Олардың арасында актерлер, әншілер, кәсіпкерлер, ойын-сауық орындарының иелері мен блогерлер бар.

18 қыркүйекте Стамбұл жандармериясына тергеу ісіне қатысы бар адамдарды ұстау және олардың үйлерінде тінту жүргізу тапсырылған. Ұсталғандардың барлығына биологиялық сараптама жүргізу жоспарланған.

Қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін күдіктілердің прокуратураға жеткізіліп, түсініктеме беруі жоспарланып отыр.

Арас Булут Ийнемли – түркиялық танымал актер. Ол «Ғаламат ғасыр» сериалында Шехзаде Баязидтің, ал «Шұңқыр» телехикаясында Ямач Кочовалының рөлін сомдаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button