Жаңалықтар

Астанада 68 жастағы ер адам әкімшілік ғимаратында шалбарын шешіп тастаған

Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады

Астанадағы әкімшілік ғимараттардың біріндегі фронт-офисте 68 жастағы ер адам металл іздегіш рамкасынан өту кезінде көпшіліктің көзінше шалбарын шешіп тастаған. Оқиғаға байланысты полиция оны әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Azattyq Ruhy сайтының жазуынша, полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтаған. Ол Өскемен қаласының 68 жастағы тұрғыны Ризабек Жұмағалиев болып шықты.

Ведомствоның мәліметінше, ер адамның әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік таныту ретінде бағаланған.

Оған ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары сотқа жолданды.

Полиция қоғамдық орындарда белгіленген мінез-құлық нормаларын қасақана бұзуға жол берілмейтінін ескертті. Мұндай әрекеттер заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button