ChatGPT пен өзге де ЖИ сервистерінде жаппай ақау тіркелді
Downdetector мониторингіне сәйкес, ақауға байланысты ондаған мың шағым тіркелген
Әлемнің әр түкпіріндегі қолданушылар сәрсенбі күні кешке ChatGPT, Claude, Grok, Google Gemini және басқа да жасанды интеллект сервистерінің жұмысында ақау болғанын жазды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Қолданушылардың айтуынша, чаттарға хабарлама жіберу немесе жауап алу мүмкін болмаған. Сервиске кірген кезде қате туралы хабарлама шыққан.

Downdetector мониторингіне сәйкес, ақауға байланысты ондаған мың шағым тіркелген. Пайдаланушылардың 46 пайызы хабарламаларға қатысты мәселелерге тап болғанын айтса, 38 пайызы сервистің толық істемей қалғанын хабарлаған. Тағы 7 пайыз қолданушы сайттың жұмысында, сондай-ақ 7 пайызы жеке кабинетке кіру кезінде қиындық болғанын көрсеткен.
Ақаулар АҚШ, Қазақстан, Ресей, Нидерланд, Германия және Ұлыбритания сияқты бірнеше елде байқалған.
Жасанды интеллект сервистерімен қатар Fortnite компьютерлік ойынында да ақау тіркелген.



