ӘлемБасты жаңалық

АҚШ-пен қауіпсіздік кепілдіктері бойынша келісімге келдік — Зеленский

Ол Украинаның шығыс өңірлерінің болашағына қатысты сұрақтардың әзірге шешілмегенін де атап өтті

Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ-пен қауіпсіздік кепілдіктеріне қатысты құжат келісілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, келісімге Мемлекет басшылары қол қоюы тиіс, содан кейін құжат ұлттық парламенттердің ратификациясына жіберіледі, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Бүгін Трамп, Путин және Зеленский үшжақты кездесу өткізеді

Қауіпсіздік кепілдіктері жөніндегі құжат келісілді

Украина Президенті АҚШ Президенті Дональд Трамппен Украинаға арналған америкалық қауіпсіздік кепілдіктері мәселесі бойынша келісімге келгенін айтты.

Нақтылай кетсек, Зеленский бұл туралы 22 қаңтар күні Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форум аясында Трамппен болған кездесуден кейін журналистерге мәлімдеген.

Мемлекет басшысының айтуынша, қауіпсіздік кепілдіктеріне қатысты мәселе іс жүзінде шешілген.

Құжат тараптар, яғни президенттер тарапынан қол қойылғаннан кейін ұлттық парламенттердің қарауына жіберіледі, — деді Зеленский.

«АҚШ-сыз қауіпсіздік кепілдігі жұмыс істемейді»

Келіссөздерден кейін Зеленский толыққанды қауіпсіздік жүйесі АҚШ-тың қатысуынсыз мүмкін емес екенін тағы да атап өтті.

Оның айтуынша, Ұлыбритания мен Франция атысты тоқтатудың ықтимал режимін «жергілікті жерде» қамтамасыз етуге дайын екенін білдірген. Алайда АҚШ араласпайынша мұндай тетік тиімді болмайды дейді Украина Президенті.

Украинаның шығыс аймақтары — мәселе ашық күйінде

Зеленский Украинаның шығыс өңірлерінің болашағына қатысты сұрақтардың әзірге шешілмегенін де атап өтті.

Әңгіме еліміздің шығыс бөлігі, жер мәселесі туралы болып отыр. Бұл — әлі түбегейлі шешілмеген сұрақ, — деді ол.

Президенттің айтуынша, бұл тақырыпты АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф талқылаған болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бүгін Трамп, Путин және Зеленский үшжақты кездесу өткізетінін жазған едік.

Фото: engage.org.ua

Басқа жаңалықтар

Back to top button