Басты жаңалықСпорт

“Әдеп талаптарын бұзған”: Сәпиев орынбасарымен болған жанжалда кінәлі деп танылды

Оқиға кезінде ол ел алдында мемлекеттік қызметкерге лайықсыз мінез-құлық танытып, мемлекеттік құрылымның абыройы мен беделіне нұқсан келтірген

Серік Сәпиев пен оның орынбасары арасында болған жанжалға қатысты қызметтік тексеру аяқталды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәліметінше, тексеру нәтижесінде басқарма басшысы Серік Сәпиевтің әрекеттері мемлекеттік қызметшілерге қойылатын әдеп талаптарын бұзғаны анықталған, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Заңсыз ротация жасауға тырысты»: Серік Сәпиев жанжалдың себебін айтты

«Серік Сәпиевті жұмыс уақытында орынбасары ұрған»: Олимпиада чемпионы үн қатты

Серік Сәпиевті жұмыс уақытында орынбасары ұрған

Ресми құжатта көрсетілгендей, оқиға кезінде Сәпиев ел алдында мемлекеттік қызметкерге лайықсыз мінез-құлық танытып, мемлекеттік құрылымның абыройы мен беделіне нұқсан келтірген.

С. Сәпиевтің әрекетінен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 6-бабы 5) тармақшасы мен 8-бабының 1) және 7) тармақшаларында көзделген талаптарды бұзу белгілері байқалады. Атап айтқанда, ол азаматтардың көз алдында өзі қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттерге жол берген, ұжымда іскерлік әрі ізгі қарым-қатынастарды және сындарлы ынтымақтастықты қалыптастыру мен нығайтуға ықпал етпеген, сондай-ақ әріптесіне қатысты әдепке жат мінез-құлық танытқан, – деп жазылған құжатта.

Айта кетейік, 23 қаңтар күні Олимпиада чемпионы, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары, самбо және жауынгерлік самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері Дәурен Есімханов арасында төбелес болды.

Фото: ашық дереккөз

Басқа жаңалықтар

Back to top button