Басты жаңалықСпорт

Президент Рыбакинаны Australian Open финалындағы жеңісімен құттықтады

Ол теннисшіге алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жетуге тілектестік білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны Australian Open теннис турнирінің финалындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Тоқаев Рыбакинаға алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жетуге тілектестік білдірді.

Сізді спорттағы кезекті тамаша жетістігіңізбен – теннистен Аустралия ашық чемпионатындағы керемет, айқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз жеңіске деген ерік-жігеріңіз бен мінсіз шеберлігіңізді тағы да дәлелдедіңіз, бұған бүкіл әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады. Алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жете беруіңізге тілектеспін! – делінген құттықтауда.

Бұған дейін Елена Рыбакинаның Australian Open-2026 чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Фото: Ақорда

Басқа жаңалықтар

Back to top button