Таразда анасы 5-қабаттан лақтырып жіберген қыздың жағдайы аса ауыр
Өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл ауруханаға барып, балалардың жағдайымен танысқан

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева болған Жамбыл облысында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Тараз қаласында анасы бесінші қабаттың терезесінен кәмелетке толмаған екі баласын лақтырып жіберген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Жамбыл облысында әйел екі баласын 5-қабаттан лақтырып жіберген
Тараз қаласында анасының кәмелетке толмаған балаларын 5-қабаттың терезесінен лақтырып жіберу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Балалар Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді, – деп жазды Динара Зәкиева Instagram парақшасында.
Оның айтуынша, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл ауруханаға барып, балалардың жағдайымен танысқан.
Ұл баланың жағдайы қанағаттанарлық, ал қыз баланың жағдайы ауырлау, сүйек сынықтары бар. Анасының бұрын ауыр депрессиялық күйі анықталған, алайда емдеу курсы толық аяқталмаған, – деді балалар омбудсмені.
Фото: Depositphotos.com/nicoletaionescu



