Басты жаңалықСпорт

Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа темір тұлпар сыйламақ

Мұз үстіндегі өнерің сені чемпион етіп ғана емес, дүйім жұртқа рух, шабыт сыйлады

Димаш Құдайберген Италияда өтіп жатқан Олимпададан алтын медаль жеңіп алған чемпион атанған Михаил Шайдоровқа темір тұлпар сыйламақ, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Әйгілі әнші спортшыны жеткен жетістігімен құттықтады.

Құрметті ағайын, не деген мереке, не деген той! Мұз үстіндегі өнерің сені чемпион етіп ғана емес, дүйім жұртқа рух, шабыт сыйлады. Халқымыздың алдындағы борышыңды өтедің. Өз өнеріңді менің әніммен орындап, мені де марқайттың. Елге жетіп алайық, темір тұлпарды табыстаймын, – деді Димаш.

Еске сала кетейік, Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанды. Осылайша Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарына тарихында екінші алтын медалін жеңіп алды. Бұған дейін 32 жыл бұрын Олимпиада ойындарында еліміз атынан алғаш рет жеңіс тұғырынан көрінген спортшы 1994 жылы алтын медаль алған шаңғышы Владимир Смирнов еді.

Фото: Dimashnews.com/Olympic.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button