Басты жаңалықЖаңалықтар

«11 ақпанда қызметінен босатылған»: Құмар Ақсақалов жемқорлық күдігімен ұсталған орынбасары туралы пікір білдірді

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов таяуда ҰҚК тарапынан ірі көлемдегі жемқорлық ісімен ұсталған күдікті – орынбасары Гүлбарам Мұсағазина туралы пікір білдіріп, ол биыл 11 ақпанда өз өтінішімен қызметінен босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қостанай облысы әкімінің орынбасары тергеліп жатыр

Ақсақаловтың айтқаны

Өңір басшысының айтуынша, қазіргі уақытта шенеунікке қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

(Фото: Gov.kz)

Өздеріңіз білетіндей, Гүлбарам Мусагазинаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы ақпарат тарады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар тергеу барысына араласып, оған баға беруге құқылы емес. Барлық мән-жайлар объективті әрі жан-жақты қаралады деп сенемін, — деді «ТоболИнфо»-ға Құмар Ақсақалов.

Гүлбарам Мұсағазина туралы

Гүлбарам Ғизатқызы Мұсағазинаның жоғары білімі бар. 1997 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын АӨК экономика және менеджмент мамандығы бойынша, 2003 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін Құқықтану мамандығы бойынша, 2020 жылы М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін экономика мамандығы бойынша (экономика ғылымдарының магистрі) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1997 жылдың тамыз айынан бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданының салық бөлімінің салық инспекторы болып бастады.

1999 жылдың қаңтарынан 2000 жылдың қазанына дейін Қостанай облысы Жітіқара ауданы Забеловка ауылының «Забеловка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есеп үстелінің бухгалтері болып жұмыс істеді.

2000 жылғы қазаннан 2010 жылғы қаңтарға дейін Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының әртүрлі лауазымдарында жұмыс істеді.

2010 жылғы қаңтардан 2012 жылғы маусымға дейін Бас прокуратура Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің аға прокуроры қызметін атқарды.

2012 жылғы маусымнан 2019 жылғы сәуірге дейін – Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2019 жылдың сәуірден 2024 жылғы шілдеге дейін – Қостанай облысы әкімдігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

2024 жылғы шілде айынан 2026 жылдың 11 ақпанына дейін – Қостанай облысы әкімінің орынбасары.

Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғанын ҰҚК баспасөз қызметі растаған болатын.

Фото: Қостанай облысы әкімдігі

Басқа жаңалықтар

Back to top button