Спорт

Снуп Догг Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты құттықтады

Рэпер мұз айдынында спортшылармен бірге Олимпиада ойынына қатысты

Америкалық танымал рэпер Снуп Догг мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты құттықтап, бірге суретке түсті, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа темір тұлпар сыйламақ

Гимнаст Айсұлу Мырзағалиева сүйіктісі Михаил Шайдоровқа ерекше жазба арнады

Kazinform-ның жазуынша, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми Instagram парақшасында жарияланған видеода, танымал рэпер мен Михаил Шайдоров Милан қаласындағы Piazza del Duomo орталық алаңында кездескені белгілі болды.

Снуп Догг қазақстандық Олимпиада чемпионын жеңісімен құттықтап, бірге фотоға түсті.

Айта кетейік, Снуп Догг NBC Universal арнасының XXV қысқы Олимпиада ойындарының арнайы комментаторы ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар, рэпер Милан қаласында Олимпиада алауы эстафетасына қатысты.

Америкалық рэпер керлингтен АҚШ және Канада арасындағы жарысқа арнайы қонақ болып барып, мұз айдынында спортшылармен бірге Олимпиада ойынына қатысты.

Сондай-ақ Снуп Догг басқа да жарыстарға барып АҚШ құрамасына қолдау көрсетіп, қысқы спорт түрлерін кеңінен насихаттап жүр.

Еске салайық, Михаил Шайдоров 14 ақпан күні ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан жекелей сында топ жарып, ел қоржынына араға 32 жыл салып қысқы Олимпиада ойындарының кезекті алтын жүлдесін сыйлады.

Фото: Сәли Сабыров

Басқа жаңалықтар

Back to top button