Жаңалықтар
Ақмола облысында «Көкшетау – Атбасар» жолы уақытша жабылады
Жолды 3 наурыз күні сағат 07:00-де қайта ашу жоспарланып отыр

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
2 наурыз күні сағат 18:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Көкшетау – Атбасар» автожолының 105-184 шақырым аралығында, яғни Балкашин ауылы мен Атбасар қаласы арасындағы бөлікте көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылады, – делінген ҚазАвтоЖол ақпаратында.
Жолды 3 наурыз күні сағат 07:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласып білуге болады.
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform


