ӘлемБасты жаңалық
Иранның рухани көсемі Хаменейдің әйелі қаза тапты
Ол 28 ақпан күні жасалған соққылардан кейін комаға түскен

Иранның қаза тапқан жоғары рухани көсемі аятолла Әли Хаменейдің жұбайы да АҚШ пен Израильдің шабуылынан кейін алған жарақаттарының салдарынан қаза тапқан, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
NourNews агенттігінің мәліметіне қарағанда, ол 28 ақпан күні жасалған соққылардан кейін комаға түскен.
Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран астанасына соққы жасады. Жауап ретінде Иран Таяу Шығыс өңіріндегі АҚШ базалары мен Израильге зымыран ұшырды. Қақтығыс салдарынан жүздеген адам қаза тауып, елдің жоғарғы басшылығы, оның ішінде аятолла Али Хаменеи де мерт болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Иран Израиль Премьер-министрі Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасағанын хабарлаған болатынбыз.
Фото: haberton.com


