Жаңалықтар

Қазақстандықтардың 8 наурызға қанша ақша жұмсап, не сатып алатыны белгілі болды

Сауалнама деректеріне сәйкес, ел тұрғындарының 83 пайызы мерекені атап өтпек

Қазақстандықтардың басым бөлігі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін атап өтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Wildberries онлайн-платформасы жүргізген зерттеу нәтижелері көрсетеді, деп хабарлайды NewsMedia.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 8 наурызға арналған ерекше жылы құттықтаулар

Сауалнама деректеріне сәйкес, ел тұрғындарының 83 пайызы мерекені атап өтпек. Ал қатысушылардың 76 пайызы сыйлыққа 40 мың теңгеге дейін қаржы жұмсауды жоспарлаған. Сонымен қатар респонденттердің 82 пайызы 8 наурызды жай демалыс күні емес, маңызды мереке деп санайтынын айтқан.

Көпшілік үшін бұл күн – жақын жандарға қамқорлық танытып, жылы ықылас білдіретін ерекше мереке. Сауалнама нәтижесінде 8 наурыздың басты символдары ретінде гүлдер мен сыйлықтар (57%), қамқорлық пен нәзіктік (53%), сондай-ақ көктемнің белгісі (42%) аталған.

Зерттеуге қатысқан ер азаматтардың 74 пайызы ең алдымен аналарын құттықтайтынын жеткізген. Ал қазақстандықтардың 72 пайызы жұбайларына, 50 пайызы қыздарына, 44 пайызы достарына, 39 пайызы әпке-сіңлілеріне сыйлық жасауды жоспарлап отыр.

Сауалнамаға қатысқандардың жартысына жуығы мерекелік сыйлыққа 15–40 мың теңге аралығында қаражат бөлуді көздеген. Ең көп таңдалатын сыйлық түрлері арасында гүлдер (52%), косметика (44%), үйге арналған заттар (43%), парфюмерия (31%), тәттілер (29%) және ашықхаттар (26%) бар. Сонымен қатар хоббиге арналған тауарлар (19%) мен әшекейлер мен аксессуарлар (17%) да сұранысқа ие.

Дәстүрлі сыйлықтармен қатар, биыл практикалық және технологиялық бұйымдарға деген қызығушылық та артып отыр. Атап айтқанда, камерасы мен аудармашысы бар смарт-көзілдіріктер, аэрогрильдер және шығармашылыққа арналған жиынтықтар сатып алушылар назарын аударған.

Аймақтар бойынша сатып алушылардың талғамы да әртүрлі. Мәселен, Абай облысында парфюмерияға сұраныс артқан, ал Астана, Ақмола және Қостанай облыстарында тұрмыстық техника жиі сатып алынады. Сондай-ақ Павлодар облысында фотоэпиляторларға сұраныс 125 пайызға өскен.

Елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде мерекеге шетел тіліндегі кітаптар жиі таңдалса, балаларға арналған сыйлықтардың ішінде балалар косметикасы мен ойыншық ыдыс жиынтықтары танымал болып отыр.

Фото: 7ya.ru

Басқа жаңалықтар

Back to top button