Басты жаңалықСаясат
Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуылдан бас тартуын құптайды
Бұл туралы Ақорда мәлім етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уақытша басқарушы кеңестің көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімін жеткізген Иран президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптайды, деп хабарлайды NewsMedia.
Ақорда баспасөз қызметі мәліметінше, Қазақстан Президенті мұны Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп санайды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Тоқаев Иранның Әзербайжанға қарсы жасалған әрекетін қатаң айыптаған болатын.
ФотоҮ Ақорда



