Басты жаңалықЖаңалықтар
Президент Қауіпсіздік кеңесі алдында тұрған басым міндеттерді айқындады
Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін жаңа мемлекеттік орган ұлттық қауіпсіздікті, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаеваны қабылдады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Аппаратының құрылуына байланысты бірқатар басым міндетті айқындады.
Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін жаңа мемлекеттік орган ұлттық қауіпсіздікті, заң мен тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады.
Айта кетейік, Аида Балаева Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.



