Құрылтай депутаттарының қанша жалақы алатыны белгілі болды
Нақты жалақы мөлшері депутаттың еңбек өтіліне қарай анықталады
Құрылтай депутаттарының ай сайынғы жалақысы еңбек өтіліне қарай есептеледі. Еңбек өтілі ұзақ депутаттардың айлығы 1 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева айтты, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Оның айтуынша, жаңа құрамдағы Құрылтай депутаттарының ай сайынғы еңбекақысы шамамен 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін болады.
Жалақы еңбек өтіліне байланысты есептеледі. Орташа есеппен 600 мың теңгеден басталады. Ал еңбек өтілі көп болса, айлық мөлшері 1 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін, – деді Дания Еспаева.
Осылайша, Құрылтай депутаттарының табысы барлығына бірдей белгіленбейді. Нақты жалақы мөлшері депутаттың еңбек өтіліне қарай анықталады.
Құрылтайдың жаңа депутаттары өз қызметін атқару барысында өңірлермен де жұмыс істейді. Бұған дейін депутаттардың әрқайсысына белгілі бір өңір бекітілетіні айтылған болатын.
Құрылтайдың жұмыс тәртібіне сәйкес, депутаттар сессияаралық кезеңде аймақтарға барып, халықпен кездесулер өткізіп, жергілікті мәселелерді зерделейді.
Еске салсақ, бұған дейін Құрылтайдың әр депутатына белгілі бір өңір бекітілетінін жазған едік.



