Қоғам

1 қаңтардан бастап жеке куәлік тегін беріледі

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке куәлікті алғаш рет алған кезде және оның жарамдылық мерзімі аяқталған соң ауыстырған жағдайда мемлекеттік баж салығы алынбайды. Бұл туралы Ішкіс істер министірлігі хабарлады. 

Ведомствоның Polisia.kz медиа-порталының мәліметінше, мұндай өзгерістерге Ішкі істер министрлігі бастамашы болған.

Бұл құжаттарды алу процесін жеңілдету және азаматтарға түсетін қаржылық жүктемені азайту мақсатында қолға алынған.

«Жеке куәлікті алғаш рет алған кезде тегін беріледі. Сондай-ақ оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан соң ауыстырған жағдайда мемлекеттік баж салығын төлеу қажет емес», — деді Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов.

Былтыр маусым айынан бастап Қазақстанда жаңа үлгідегі жеке куәліктер беріле бастаған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button