Қоғам

Қазақ кәсіпкері Тұрсенғали Алагөзов өз қызметкерлерінің ата-анасына өмір бойына берілетін зейнетақы тағайындады

Қазақ кәсіпкері Тұрсенғали Алагүзов 2026 жылға арналған ерекше әлеуметтік бастаманы жариялады: қазірден бастап компания қызметкерлерінің 65 жастан асқан барлық ата-аналарына айына 50 000 теңге беріледі! Бұл сыйақы – қызметкерлерді тәрбиелеген ата-аналарға алғыс айту белгісі ретінде енгізілмек. Компания бұл шешімді сол адамдардың еңбегі мен кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі үшін құрмет ретінде түсіндіреді.

Тұрсенгали Алагүзов — Қазақстандық кәсіпкер, Galanz Bottlers компаниясының негізін қалаушы. Бұл компания арасында әйгілі «Maxi шай» секілді сусын брендтері бар. 

Алагүзов әлеуметтік жауапкершілік пен қызметкерлерді қолдауға ерекше назар аударады. Ол бұған дейін компания қызметкерлеріне Алматыда 100 пәтер тарту етті, бұл қазақстандық қоғамда кеңінен талқыланып, оның жүрегінің үлкендігін көрсеткен болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button