Қоғам

Астананың қарын тазарту үшін 1 200 техника түнде жолға шықты

Елордада қар тазалау жұмыстары тәулік бойы үздіксіз жүргізіліп жатыр. Қаланың коммуналдық қызметтері күндіз де, түнде де бірнеше ауысыммен жұмыс істеуде.

Күндізгі ауысым кезінде қала аумағынан 2 527 рейс арқылы шамамен 33 мың текше метр қар шығарылды.

— 23 желтоқсанға қараған түні қар тазалау жұмыстарына 449 жол жұмысшысы мен 1 608 арнайы техника тартылды. Қыс маусымы басталғалы бері қар полигондарына 72 847 жүк көлігі рейсімен 941 мың текше метрден астам қар шығарылды, — делінген ресми хабарламада.

Алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік бағыттері тазаланады. Одан кейін қозғалысы орташа аумақтар — аулалар, алаңдар, тротуарлар мен аялдамалар ретке келтіріледі. Жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдар мен тротуарларға техникалық тұз себіледі.

Сонымен қатар аула аумақтарын тазалау пәтер иелері кооперативтері (ПИК) мен мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ) міндетіне жататыны еске салынды. Олар тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлылығы үшін аулаларды қар мен көктайғақтан уақытылы тазалауы тиіс.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік талаптарын сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша мұқият болуға және қолайсыз ауа райында алыс жолға шықпауға шақырады.

Бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қардың аз жаууына байланысты қар тазалау жұмыстарына бөлінген қаражаттың үнемделгенін мәлімдеген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button