Қоғам

Қаңтарда 12 күн демаламыз

eGov порталында жарияланған Қазақстан Республикасы мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, 1 және 2 қаңтар ресми мереке күндері, бұл екі күн бейсенбі және жұма күндеріне түсіп тұр.

2026 жылы 3 және 4 қаңтар сенбі және жексенбіге сәйкес келеді. Сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесінде қатарынан төрт күн демалады.

Сонымен қатар сәрсенбі, 7 қаңтарда Қазақстанда Рождество мерекесі атап өтіледі. Сондықтан ел тұрғындарына апта ортасында тағы бір демалыс күні беріледі. Мерекелік күндерден бөлек қаңтарда заңмен белгіленген сенбі және жексенбі күндеріндегі демалыс бар.

Осылайша аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 12 күн демалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button