Қоғам

Астанада жаңа жыл мерекесінде пиротехника қолдану ережелері

Астанада Жаңа жыл мерекесіне орай шырша тігу және пиротехника қолдану тәртібі түсіндірілді. Бұл жөнінде қалалық Төтенше жағдайлар департаменті, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Бабаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, шыршаларды орнатқанда қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды: олар құламайтындай етіп бекітілуі қажет және эвакуация жолдарына кедергі келтірмеуі керек. Сондай-ақ, шырша безендіруге арналған электр шамдары зақымдалмаған және зауыттан шыққан болуы шарт.

Пиротехника қолдану кезінде де бірнеше ереже бар:

  • Пиротехниканы ашық алаңда ғана пайдалану қажет.

  • Ғимараттар мен автокөліктерден кемінде 50 метр қашықтықта қолдану керек.

  • Балаларға беруге, желді күні пайдалануға, шатыр астында немесе ағаштар жанында қолдануға тыйым салынады.

  • Өнімнің сыртындағы нұсқаулыққа сәйкес пайдалану маңызды.

  • Базардан сатып алынған пиротехникада сертификат болуына мән беріңіз.

Ғабит Бабаевтың айтуынша, бұл ережелер мерекелік көңіл-күйді қауіпсіз етіп, өрттің алдын алуға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button