Атырауда жоғалып кеткен отбасы туралы ел естімеген дерек шықты

Атырау облыстық Полиция департаменті былтыр хабар-ошарсыз кеткен отбасыға қатысты расталмаған ақпарат таратпауға шақырды, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Көрші елде нөмір қосылған»: Атырауда жоғалған отбасы жайлы сұмдық дерек шықты
«Ташкенттен Куала Лумпурге ұшып кеткен»: Жоғалған отбасы туралы тың дерек шықты
Белгілі болғандай, Қызылқоға ауданына қарасты Жангелді ауылының тұрғындары – ерлі-зайыпты, олардың қызы мен ұлы белгісіз бағытқа шығып, осы уақытқа дейін оралмаған. Желтоқсан айының соңында отбасы отағасының әпкесі полицияға арыз түсірген.
Бұл уақыт аралығында бұл әулеттің тағы бір қызы мен күйеу баласының да жоғалып кеткені анықталған. Полиция мәліметінше, олар Сарыағаш маңындағы Қапланбек бекеті арқылы Өзбекстанға өткен.
Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықовтың айтуынша, күйеу баласының анасы ұлын сұраған кезде, ол келінін емдетуге алып бара жатқанын айтқан.
Ол анасымен бірнеше рет сөйлескен. Қазіргі таңда анасы іздеу жариялап отырған жоқ. Соған қарамастан, полиция тарапынан арыз қабылданып, іздестіру жұмыстары басталды, – деді ол.
Сонымен қатар жоғалған төрт адамның ұялы телефондары Шымкент қаласында өшірілгені белгілі болды. Қазіргі уақытта олардың нақты қайда жүргені анықталмаған.
Полиция бұл отбасының күйеу баласы бес баласын Махамбет ауданында тұратын анасына қалдырып кеткенін де растады. Тергеу және іздестіру шаралары жалғасып жатыр.
Фото: ашық дереккөз



