Қоғам

“Опасыздық жасады”: Назым Қаһарман Қуандық Бишімбаевпен өмірі туралы ашып айтты

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман әлеуметтік желідегі парақшасында экс-күйеуінің опасыздығы мен өткен өмірі туралы ашып айтты, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ.

Бұл туралы Stan.kz жазды.

Назым әңгімесін Мальдив аралдарындағы демалыстан бастады.

2016 жылғы қаңтар. Жаңа жылдан кейін олар Қуандық Бишімбаевпен және отбасылық достарымен демалысқа аттанған. Оның айтуынша, саяхат Назымның күдігі мен қызғанышы үшін жанжалға толы өткен. Өйткені ол 2015 жылы күйеуінің опасыздығы жайлы білген, алайда отбасын сақтап қалуға шешім қабылдаған.

“Іс жүзінде сақтап қалуға мен ғана тырыстым. Ұмытуға, кешіруге және арамызды жақсартуға. Өз-өзіме сенім жоғалды. Саяхат бойы ол сол әйелмен әлі де сөйлесіп жүр деген күдікпен жүрдім”, – деп жазды ол.

Оның күдігі бір жылдан кейін, тергеу кезінде күйеуінің хат алмасуларын оқығанда, расталған. Назым Бишімбаевтың Анар есімді әйелмен жазысқан хабарламаларының скриншоттарын да жариялады.

“Маған суық қарым-қатынас көрсететін еді. Ол достарына мені “мазасын алатын әйел” ретінде көрсететін. Бірте-бірте мен де соған сеніп, демалысты бәріне бүлдіріп жүргендей сезіндім”, – деп жазды ол.

Назым Қаһарман Бишімбаевтың опасыздық жасаған кезін еске алды

Сондай-ақ Назым саяхат кезінде Дэвид пен жары Виктория Бэкхеммен кездейсоқ жолыққанын айтты.

“Дэвидтің қандай күйеу екені көрініп тұрды. Сымбатты, адал, әйелін сүйетін. Дэвид біздің ер адамдармен футбол ойнады. Виктория күнге қыздырынып, кітап оқып жатты. Балалары дайвингке, йогаға кеткен. Олардың бір-бірімен шынайы бақытты екенін көрдім”, – деп жазды ол.

Назым бұл кездесуді тағдырдың белгісі ретінде қабылдағанын жазды.

“Олар мені біреумен шатастырып, қүліп қол бұлғағанда “міне, олар да опасыздықтан өтті, бәрін еңсерді, бақытты” деп ойлап, бұл біздің де қолымыздан келеді деп сендім”, – деп жазды ол.

Оның сөзінше, бұл сапар ол үшін ауыр, мазасыз әрі мұңды өткен. Сондықтан ол Мальдивке алғашқы әрі соңғы сапары болған.

Назым Қаһарман Бишімбаевтың опасыздық жасаған кезін еске алды

Назым Қаһарман Парижге қызметтік сапар кезінде ажырасу туралы ой түбегейлі қалыптасқанын айтты. Оның сөзінше, дәл сол уақытта олардың жұп ретінде “өлгеніне” көзі жеткен.

“Оның тәкаппарлығында шек болмады. Қаржы жинап бастау керек екен деп ойладым да, іштей ажырасуға дайындалдым”, – деді ол.

Ол бұрынғы күйеуінің ата-анасы туралы да тіл қатты.

“Ата-анасы үнемі қарым-қатынасымызға араласатын еді. Өзімді Қуандыққа ғана емес, “үшеуіне де” тұрмысқа шыққандай сезінетінмін. Әкесі өршіл әрі нарцист, ал анасы…Қуандықтың бойындағы барлық әлеуметке қарсы қасиетіне анасынан дарыған”, – деп жазды ол.

Назым сырттай үлгілі отбасы бейнесінің артында мүлде басқа шындық жатқанын алға тартты.

“Сырттан әдемі фасадты ұстап тұрдым. Ал оның ішінде – өтірік, тұрақты психологиялық қысым, кейін физикалық агрессия да басталды”, – деп жазды ол.

Назым Қаһарман Бишімбаевтың опасыздық жасаған кезін еске алды

Назым Қаһарман бұл жазбасымен тек опасыздарды емес, әйелдерді де ойландырғысы келетінін жеткізді.

“Мұның соңы неге апаратынын ойлап көріңіздер? Жақсылыққа ма? Егер Қуандық сол кезде өз-өзіне адал жауап бергенде, бәлкім, біз отбасын сақтамас едік. Ол адам өлтірмес еді, жанын жоғалтпас еді. Оның 2026 жылы мүлде басқа болар еді. Бұл – сыни ойлаудың қаншалық маңызды екенін көрсетеді”, – деп жазды ол.

Ол күйеуінің ортасымен қарым-қатынасына да тоқталды.

“Салтанатты тойлар өтетін. Лауазымды адамдар көп жиналатын. Бірақ солардың көбі арада жарты жыл өткенде оны сатып кетті. Себебі ол кездің өзінде Қуандық жақсы адам болмады. Ал жанында қалып, көмектескен адамдарды түрмеден шыққаннан кейін иттік тірлік жасады”, – деп жазды ол.

Ол мұның Қуандық Бишімбаевтың өз таңдауы болғанын алға тартты.

Назым Қаһарман Бишімбаевтың опасыздық жасаған кезін еске алды

Фото: instagram.com/nazymkakharman

Басқа жаңалықтар

Back to top button