Рамазан Амантай салмағы 156 кг болғанын айтып, студияда жылап жіберді (ВИДЕО)
Ол өзіне қатысты негативті пікір көп жазылатынын айтты

Актер, кинопродюсер Рамазан Амантай журналист Жанар Байсемізге сұхбат беріп, осыдан бір апта бұрын 161,5 болып жаттығу залына кіргенін, қазір 156 килограмм екенін айтты, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
«Маған ауыр сөздер айтыла басталады»
Рамазан Амантай өзіне қатысты негативті пікір көп жазылатынын айтты.
Өзіме қиын болып кеткенін сезгеніме көп уақыт болды. Бәрі сол 100 келіден асқанда басталды. Бірақ ол кезде қатты бір сын болмады. Өзіміздің сүйіктіміз «балақай» деп жүретінмін. Кейін келе олай болмады. Жиі ауыр сөздер айтыла басталады. Оған да иммунитет қалыптасты. Отбасымдағылар қатты уайымдап, қынжылып кетті. Сондықтан көрермендерге отбасым үшін артық нәрсе жазбауды сұраймын, – деді Рамазан Амантай.
«Түнгі ұйқы мүлде берекесіз»
Актер ауыр салмақтың кесірінен аяқ киімін, сүйген киімін кие алмайтын дәрежеге жеткенін айтты.
Мен өзі үлкен додаға ерте кіріп кеттім деп ойлаймын. Продюсерлік жолға оның да бір машақаты көп. Ақталды деп ойлайтын шығар. Күніге жүз мәселемен оянғанда, тіпті салмағыңа мән бермейсің. Кейде алаяқтарға тап боласың. Осыдан бір апта бұрын 161,5 болып жаттығу залына кіргенмін. Қазір 156 килограммын. Сонда бес килограмм тастадым. Басында 70 килограмм болғанмын. Жыл сайын оннан қосып отырғанмын. Өзіме қатты қиын болып кетті. Аяқ киім кие алмаймын. Сүйген киімімді кие алмаймын. Түнгі ұйқы мүлде берекесіз. Кейін халықтың айтуымен түрлі көріпкел, емшілер жаза бастады. Өзім шариғатқа сай адамға бардым. Ол кісі дуаланғансың деді. Сыртқы күштердің әсері бар деді, – деді актер.



