Қоғам

Түркістан облысында 3 полицей 18 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

ІІМ-нің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде Түркістан облысында үш полицей 18 жастағы қызды зорлады деген ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы бойынша жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

ІІМ-нің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев түсініктеме берді.

Бұрынғы полиция қызметкерлерінің бұл іске ықтимал қатысы туралы ақпарат толық тексерілуде және сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оған құқықтық баға берілетін болады, — деді ол.

Күдікке ілінген қызметкерлер жұмыстан босатылған.

Фото: ашық дереккөз

Басқа жаңалықтар

Back to top button