Басты жаңалықҚоғам

«Жақ сүйегі мен мұрнын сындырған»: Отардағы әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылды

Туыстары сарбаздың пәтерде ұсталғанын анықтаған

Қазіргі таңда сарбаз Алматы қаласындағы әскери госпитальда ем қабылдап жатыр. Ал әскери полиция қылмыстық тергеуді бастаған, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Жамбыл облысында сарбаз қаза тапты

 «Күн сайын ақша сұрап хабарласқан»: Өскеменде қаза тапқан сарбаздың туыстары ұлдарының өзіне қол салғанына сенбейді

Ақтауда сарбаз жол апатынан қаза болды

Оқиғаның мән-жайы

Әлеуметтік желіде Отар әскери бөлімінде қызмет ететін сарбаздың жақ сүйегі мен мұрны сындырылғаны туралы ақпарат тарады. Хабарламада ота жасалғаннан кейін оған толыққанды ем мен бақылау көрсетілмегені айтылады. Кейін туыстары сарбаздың бір пәтерде ұсталғанын анықтаған. Ал тексеру барысында жасалған операцияның дұрыс жүргізілмегені белгілі болған.

Гвардиялық гарнизонның әскери полициясы әскери қызметшіге физикалық күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу уақытына бірқатар офицер қызметінен уақытша шеттетілді.

Әскери полиция не дейді?

Материалдар Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың, сондай-ақ әскери бөлімде жарғыдан тыс қарым-қатынас фактісі туралы жоғары басшылыққа дер кезінде баяндама жасамаған және медициналық көмекті ұйымдастырмаған лауазымды адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі, — делінген әскери полицияның хабарламасында.

Фото: ozgeris.info

Басқа жаңалықтар

Back to top button