Басты жаңалықЖаңалықтар

ҰҚК растады: ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарды тергеу басталды

ҰҚК мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды

ҰҚК ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қостанай облысы әкімінің орынбасары тергеліп жатыр

ҰҚК мәлімдемесі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

ҰҚК мәліметінше, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Сондай-ақ комитет берілген жауаппен келіспеген жағдайда, оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болатынын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық БАҚ пен Telegram-арналарда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде бұл жағдайға қысқаша әрі мән-жайсыз түсініктеме берілді. Олар Жақсылық Омарт денсаулығына байланысты уақытша демалыс алғанын айтқан болатын.

Жақсылық Омар туралы

Ол 1980 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы Талдықорған облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.

2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін;

2010 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін;

2018 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

2001-2004 жылдары Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жетекші, бас маманы;

2005-2007 жылдары Қаржы министрлігінің маманы;

2007-2009 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ ақпараттық және аналитикалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары және «Арна медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» бас менджері;

2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі;

2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, басшысы;

2011-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының басшысы;

2013-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2016-2018 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары;

2018-2024 жылдары  Өскемен қаласының әкімі;

2024-04.04.2025 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңісшісі;

07.04.2025 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

 

Фото: instagram.com/saktaganovnurymbet

Басқа жаңалықтар

Back to top button