Басты жаңалықЖаңалықтар
Атыраудағы трагедия: қастандықпен өлтірілген Наурыз бен Мейрамгүл жер қойнына тапсырылды
Қаралы жиынға ауыл тұрғындары мен марқұмдардың туыстары жиналды

11 наурыз күні Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаны жерлеу рәсімі өтті. Ұзақ уақытқа созылған іздеу жұмыстарынан кейін олардың сүйегі Атырау қаласынан табылған болатын, деп хабарлайды NewsMedia.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Атырауда 8 наурыз күні жас жігіт 19 жастағы қызды пышақпен азаптаған
Атыраудағы трагедия: Марқұмдардың қызы да күдікті деп танылды
Марқұмдарды соңғы сапарға шығарып салу рәсімі Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында өтті. Қаралы жиынға ауыл тұрғындары мен марқұмдардың туыстары жиналды.
Жақындарының айтуынша, қос марқұм да елге сыйлы, ешкімге зияны жоқ жандар болған.
Олардың жан баласына зияны жоқ еді. Енді ата-анасының жанына жерленді, – деді туыстарының бірі.
Фото: Tengrinews.kz


