Қоғам

Имам әйелін шәкіртіне бергенін айтқан: Жанар Байсеміз даулы сұхбаттан кейін мәлімдеме жасады

Ол өз жазбасында соңғы бірнеше күн бойы өзін жайсыз сезінгенін, түсінде қиын жағдайлар көргенін, денсаулығы сыр бергенін айтты

Журналист Жанар Байсеміз сұхбатында әйелін шәкіртіне бергенін айтқан “имам” Құрбанәлі Ахметке қатысты даудан соң әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Әйелін шәкіртіне бергенін айтқан “имамға” айыппұл салынды (ВИДЕО)

Ол өз жазбасында соңғы бірнеше күн бойы өзін жайсыз сезінгенін, түсінде қиын жағдайлар көргенін, денсаулығы сыр бергенін айтты.

Үш күн бойы түсімде бір адаммен ұрсысып шықтым. Дауысым шықпай, булығып қиналдым. Маған қатысты бір қитұрқы іс жасағанын жеткізе алмай қиналдым. Төртінші күні жұбайымның жоқ көңілдесі кіріп, жап-жас қыз екен деген ой келді. Тамағым ауырды, екі күндік съемкамды кейінге қалдыруға мәжбүр болдым, – деп жазды Жанар Байсеміз.

Сондай-ақ ол қоғамда резонанс тудырған сұхбатына байланысты сырттан сын айтып, жамандап жатқан адамдарға тілектес болатынын жеткізді.

Ешкіммен жауласқым да, дәлелдегім де, ақталғым да келмейді. Бәрі өткінші, – деді ол.

Жанар Байсеміз адамдарға өмірде бір-біріне жамандық тілемей, тату-тәтті өмір сүрген дұрыс екенін еске салды.

Фото: видеодан скриншот

Басқа жаңалықтар

Back to top button