Қоғам
«Тұрсынбектен дұрыс құтылған»: Мөлдір Мұқанова бейтаныс ер адаммен түскен фотосын жариялады
Желі қолданушылары бірден қызу талқылап, екеуін жарасымды жұп деп жарыса пікір жазып жатыр
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары, продюсер Мөлдір Мұқанованың әлеуметтік желідегі парақшасында бейтаныс ер адаммен бірге түскен фотосы көпшіліктің қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.
Желі қолданушылары бірден қызу талқылап, екеуін жарасымды жұп деп жарыса пікір жазып жатыр.
“Тәәәк, жарасымды жұп”, “Мөлдірге күшті жігіт табылып, бақытты болсын”, “Сізге осындай жігіттер жарасады”, “Жақсы ер азамат жолықтырсаңыз жақсы болатын еді”, “Бақытты болуға лайықтысыз”, “Адал махаббат кездессін”, “Тұрсынбектен дұрыс құтылған”, “Күшті жарасып тұрсыздар”, – деп жазды оқырмандар.



