Басты жаңалықЖаңалықтар

Қауіпсіздік кеңесінде бірқатар тағайындау болды

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінде бірқатар тағайындау жасады, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс тәртібі айқындалды: Балаева немен айналысады

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

  • Александр Владимирович Суханов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Талдау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Марат Мақсұтұлы Аймашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
  • Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button