Қоғам

Астанада стример тікелей эфирде «көңіл көтеретін газ» қолданғаны үшін жазаланды (ВИДЕО)

Ол көрермендердің сұрақтарына жауап беріп, бірнеше рет былапыт сөз қолданған

Астанада 27 жастағы стример Маржан Әділбек тікелей эфир кезінде әдепсіз сөздер айтып, Қазақстанда таралуына тыйым салынған «көңіл көтеретін газды» қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды NewsMedia.kz.

Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға елордадағы ойын-сауық орындарының бірінде болған. Тікелей эфир барысында стример әуе шарынан «көңіл көтеретін газ» қолданған, деп жазды Malim.kz.

Сот шешімімен Маржан Әділбек әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынған.

Полиция сонымен қатар тікелей эфир өткен ойын-сауық орнына қатысты тексеру бастаған. Құқық қорғау органдары Қазақстанда таралуына тыйым салынған «көңіл көтеретін газдың» қолданылуына байланысты мекеменің әрекетіне де құқықтық баға бермек.

Бұған дейін демалыс күндері өткен тікелей эфир кезінде стример көрермендердің сұрақтарына жауап беріп, бірнеше рет былапыт сөз қолданғаны хабарланған.

Ал «көңіл көтеретін газды» пайдаланғаны туралы сұраққа ол: «Қалай ақша табамын, солай демаламын», – деп жауап берген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button