Қоғам

«Бір өліп, бір тірілдім»: Депутат бола алмай қалған Аша Матай жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Әнші сол кезеңнің өзіне оңай тимегенін жасырмады

Әнші әрі тележүргізуші Аша Матай Құрылтай депутаттығына кандидат болған тұста өзіне бағытталған сын-пікірлерді қалай қабылдағанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz-ке сілтеме жасап NewsMedia.kz хабарлайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: “Қайдағы Құрылтай саған!?”: ақтөбелік емші Тамара Асар мен Аша Матайға шүйлікті

Аша Матай саяси додаға араласқаннан кейін көпшіліктің қызу талқысына түскен еді. Әсіресе, журналистердің заң жобалары туралы сұрағына берген жауабы желіде кең тарап, көп сын айтылды.

Өнер иесі сол кезеңнің өзіне оңай тимегенін жасырмады.

Ұйықтай алмай, тамақ іше алмай қалған кездерім болды. Менің жүрегім нәзік, өнер адамымын ғой. Жылаған күндер де болды. Бәрі артта қалды. Бір өліп, бір тірілгендей болдым, – деді Аша Матай.

Сайлау қорытындысында Қазақстан Халық партиясы 3,11 пайыз дауыс жинап, Құрылтайға өту үшін қажетті бес пайыздық межеге жете алмады. Соның нәтижесінде Аша Матай да депутаттық мандатқа ие болған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін әншілер Тамара Асар мен Аша Матай депутаттыққа ұсынылғаны хабарланған еді. Алайда желідегі жұрт өнер иелерінің депутаттыққа түскенін жылы қабылдай қоймады. Қазақстандықтар шоу-бизнес өкілдерінің депутат болуына наразылықтарын білдіріп, түрлі пікір қалдырды.

“Әншілер жетпей тұр еді”, “Қалаулымнан Құрылтайға жол. Сөзім жоқ”, “Заңды білмейді. Осы әртіс пен спортшылар депутат болып бірнәрсені қатырады ма?”, “Әркім өз мамандығы бойынша қызмет етсе жақсы болатын еді”, – деп жазған олар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button