Қоғам
Астанадан шығатын тас жол жабылды

23.12. сағат 13:30-дан бастап «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметі бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты (төменгі бұрқасын, көктайғақ) республикалық маңызы бар автожолдың келесі учаскесінде көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды:
«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 30–92 км (Жібек Жолы кенті – Анар станциясы).



