«Жабысып жүргенін көрген»: Танымал әнші мен актрисаға қатысты шу шықты

Әлеуметтік желіде танымал әнші Еркеш Хасен мен актриса Жанель Серғазинаға қатысты дау туды, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ.
Желіде әншінің бұрынғы әйелі Әйгерімнің құрбысы жазба қалдырды. Оның жазуынша, әнші әйелімен де, қызымен де байланысын үзіп, актрисаға үйленіп алған. Одан және бір қызы бар екен.
Естеріңізде болса, Еркеш Хасен мен Жанель Серғазина «Егіз-лебіз» жобасына бірге қатысып, жұптық өнер көрсеткен болатын.


Желі қолданушылары әнші мен актрисаға наразылықтарын білдіріп, пікірлерін қарша боратты.
Түсінгенім, жұлдыздардың инстаграмдағы өміріне мүлдем қызықпаңыздар! Ешкім де, өмірлері де мінсіз емес. Солардың өміріне қызығып көңілдеріңіз түспесін», «Қызына арнап әдемі ән шығарып, бәрімізге ұнаған еді. Сөйтсек, жақсы әкенің рөліндегі өтірік маска екен ғой», «Қызым деп өтірік ән шығарғанша, одан да шын өмірде жақсы әке болған артық. Таза екіжүзділік, – деп пікір жазуда желі қолданушылары.
Фото: ашық дереккөз



