Қоғам

«Күшті шабамын дейсіз ғой»: Қабатовтың «тоқалы» көпті таңғалдырды (ФОТО)

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың «тоқалы» Айман көпшілікті өнерімен таңғалдырды, деп жазады NEWSMEDIA.KZ.

Ол желідегі парақшасында аттың үстінде шауып келе жатқан видесын жүктеген.

Жылқы жайлы көп айтасың дегендерге… Жылқы тани білгеннің қай жері жаман? Мүше, Жілік ажырата алсаң керемет емес пе? Үйіңе келген қонағыңа не ұсынарыңды білгенің жақсы емес пе? Аттың үстінде шабу да үлкен Өнер мен ерлік… – деп жазды ол.

Желі қолданушылары жас «тоқалға» риза болып, жылы пікірлерін жазып жатыр.

“Бәрімізге ұнап келе жатыр күннен күнге”, “Ер мінезі көрінеді”, “Тұрсекемен бақытты ғұмыр кеш”, “Ғашық болатындай қыз ғой”, “Өзі, сөзі де, ісі де әдемі”, “Күшті шабамын дейсіз ғой”, “Тұрсынбек бекер ғашық болмапты ғой, небір таланты бар сияқты”, “Ақылды қыз екен”, – деп жазды оқырмандар.

Фото: ашық дереккөз

Басқа жаңалықтар

Back to top button