Қоғам

Атыраудағы трагедия: жоғалған балаларды іздеу тоқтатылды

Атырау облысында қаза болған ерлі-зайыптының балаларын іздестіру тоқтатылды, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Халықаралық іздеу жарияланған «хакер» маңызды мәлімдеме жасады

Атыраудағы трагедия: Отбасының кіші қызына халықаралық іздеу жарияланды

Атыраудағы трагедия. Марқұмдардың туыстары күдікті күйеубаланың түрін сипаттап бере алмаған

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, іздестіру жұмыстары өңірлік Полиция департаментінің өтініші бойынша жүргізілген.

Полиция белгілеген барлық аумақ толықтай тексерілді. Қазіргі уақытта іздеуді жалғастыруға қатысты қосымша өтініш немесе нұсқау полиция тарапынан түскен жоқ, — деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаменті.

Отбасы мүшелерін іздеу былтыр 25 желтоқсанда туыстары құқық қорғау органдарына жүгінгеннен кейін басталған. Жақында шаруашылық құрылыстан үй иесі мен оның жұбайының денелері табылды. Алайда олардың екі баласы — Наурыз бен Мирамгүл әлі күнге дейін табылған жоқ.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Сұлтан мен Ақбаян ажырасқан»: Атыраудағы трагедияға қатысты тағы бір дерек шықты

«Ешқашан фотоға түспеген, намазхан»: Атыраудағы трагедия ісіне күдікті туралы сұмдық жайт

Айта кетейік, Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Жангелді ауылы тұрғындарының өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктіге, сондай-ақ қаза тапқандардың 30 жастағы қызына халықаралық іздеу жарияланды.

Қылмыс жасады деген күдікке Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны ілініп отыр. Сонымен қатар іске басқа тұлғалардың да қатысы болуы мүмкін деген нұсқа тексеріліп жатыр.

Коллаж: arasha.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button