Қоғам

Маржан Арапбаеваны күйеуі ұрып-соққан: Полиция іс бойынша түсініктеме берді

2026 жылдың басында Астанада белгілі әнші Маржан Арапбаева өзінің азаматтық күйеуі — Нұрмұхамбетов Ербол Тілепбекұлы тарапынан физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырады, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ Egov.press Telegram арнасына сілтеме жасап.

Арнаның хабарлауынша, оқиға түнгі уақытта қоғамдық жерде болған. Ер адам дөрекі сөздер айтып, әйелді шашынан сүйреп әкеткен. Сот шешімі бойынша ол ұсақ бұзақылық туралы Әкімшілік бап бойынша 10 тәулікке қамауға алынған. Бұл ақпаратты әлеуметтік желілерде жариялағаннан кейін, жұртшылық бұл оқиғаның физикалық күш қолданғанына қарамастан қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылмағанына наразылық білдірді.

Қоғамдық орында балағат сөз қолданып, ұсақ бұзақылық фактісі бойынша елорданың 43 жастағы тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, тұрғын үйдің ауласында азаматтық некедегі жұбайымен жанжал кезінде оған қол көтергені анықталды, – деп хабарлады елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары ер адамға қатысты бір адамды ұру фактісі бойынша қосымша өтініш тіркелгенін нақтылады. Сот оған 10 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жаза тағайындады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық жағдайлары белгіленуде. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button