Қоғам

Шығыс Қазақстан облысында баласына алимент төлемеген ер адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында баласына алимент төлемей келген ер адам сотталды, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ.

Осыған қатысты сот ісі Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды.

Ер адамға өткен жылы ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша алимент төлеуден жалтарғаны үшін бас бостандығынан шектеу жазасы кесілген. Алайда оның дұрыс жолға түспегені анықталды. Жазасын өтеу кезінде ол бірнеше рет белгіленген тәртіпті бұзып, сот жүктеген міндеттерді орындаудан қасақана жалтарып, кәмелетке толмаған баласына алимент төлемеуді жалғастырған, – деп хабарлады Ұлан аудандық прокуратурасынан.

Сот жүктеген міндеттерді орындамағаны үшін сотталған азамат қалған жаза мерзімін, яғни 1 жыл 4 айын түрмеде өткізеді.

Фото: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button