Қоғам

Теңіз кен орнында трансформатор өртенді

Бүгін таңертең Атырау облысы Теңіз кен орны аумағында орналасқан үшінші буын зауытында өрт шықты, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ.

18 қаңтарда шамамен сағат 9:55-те Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында орналасқан Үшінші буын зауытының 52-учаскесінде өрт шықты. Өрт ГТГ-1 және ГТГ-2 газ турбиналық генераторлары арасындағы трансформатордың жанында болды.

Мәліметке сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Барлық қызметкерлер оқиға орнынан эвакуацияланды.

Өрт сөндіріліп, үшінші буын зауыты қайта айналым режиміне ауыстырылды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Фото: видеодан скрин

Басқа жаңалықтар

Back to top button