Қоғам
Түркістан облысында кішкентай өгей қыздарын зорлаған ер адам ұсталды

Түркістан облысындағы Кентау қаласында 45 жастағы ер адам екі өгей қызын бес жыл бойы зорлады деген күдікпен қолға түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық болған кезде қыздардың жасы 6 және 8 жаста болған, деп хабарлайды NEWSMEDIA.KZ.
Түркістан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам қазір қамауда отыр.
2025 жылдың желтоқсанында Кентау қаласында тұратын екі кішкентай қызға қатысты зорлық жасады деген арыз түсті. Осы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті анықталды және қамалды, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.
Фото: shutterstock



